2025 жылдың басынан бері тарифтер инфляцияға 0,4 пайыздақ тармақ (п.т.) қосты;
Жыл аяғына қарай түпкілікті әсерді 0,89 п.т.-ға дейін шектеу жоспарланып отыр.
Әрі қарай не болады?
Баға тұрақтылығын сақтау және тұтынушыларға түсетін ауыртпалықты азайту үшін тарифтердің теңгерімді әрі бақыланатын өзгерісі күтілуде.
Астана: Мұнай тасымалдау тарифтері талқыланды
Бүгін, 2025 жылғы 18 сәуірде, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның ішкі нарық үшін ҚР құбырлары арқылы мұнайды бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызметке жеңілдетілген тәртіппен тарифті бекітуге берген өтінімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Шараны ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) Мұнай мен газды тасымалдауды реттеу басқармасының басшысы Нұшаруан Лесбекұлының төрағалық етуімен өткізді.
Тыңдауға Энергетика министрлігінің өкілдері, «ҚазТрансОйл» басшылығы, БАҚ және басқа да мүдделі тараптар қатысты. Баяндаманы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов жасады.
Усынылған тариф жобасы — алдын ала дайындалған нұсқа, соңғы шешімді жан-жақты қарастырғаннан кейін ТМРК қабылдайды.