Жаңалықтар

Жобалық кеңсенің «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру бойынша жұмыстары басталды

«Энергетика мен ТҮКШ-ны жаңғырту» Ұлттық жобасы бойынша Жобалық кеңсе жұмысын бастады

Алғашқы отырысты Вице-премьер Қанат Бозумбаев өткізді.

Өзекті мәселелер:

  • 87 монополист-кәсіпорында тозу деңгейі: 65–100%
  • Мақсат: Тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету
  • Жоспар: Қосымша 7,3 ГВт қуаттылық салу

2029 жылға дейінгі инвестициялық қажеттілік:

  • Электр генерациясы: 6,2 трлн ₸
  • Коммуналдық желілер: 6,8 трлн ₸

Қаржыландыру көздері:

  • Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), ұлттық қаржы институттары
  • Халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ)
  • Үйлестіруші — «Бәйтерек» АҚ
  • Бақылау — «Қазорталық ТҮКШ» АҚ

Отандық өнеркәсіпті қолдау:

  • Жұмыс істеп тұрған зауыттарды жүктеу
  • 27 жаңа өндіріс орнын ашу
  • Жұмыс орындарын құру
  • Бірыңғай электрондық сатып алу жүйесі
  • Жосықсыз жеткізушілер тізілімі

Әлеуметтік қолдау және әділ тарифтер:

  • Нарықтық тарифтер — төлем қабілеті бар азаматтар үшін
  • Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын (ХӘОТ) қорғау — автоматтандырылған тұрғын үй көмегі арқылы
  • Төлемдердің шекті деңгейі — отбасының жиынтық табысының 5%-ынан аспайды
  • Тұтыну нормалары мен аумақ ауданын біріздендіру (унификациялау)

Келесі қадамдар:

  • 2 апта ішінде — Жол картасын дайындау
  • Қаңтардың соңына дейін халықты кеңінен ақпараттандыру: БАҚ, бизнес, табиғи монополиялар субъектілері

Қанат Бозумбаев:

«Жоба кешенді, жедел тәсілді және барлық тараптың — министрліктерден бастап азаматтарға дейін қатысуын талап етеді».
2026-07-28 16:08