Жаңалықтар

Ел бойынша коммуналдық қызмет тұтынушыларына арналған түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға арналған қоғамдық қабылдаулар бүкіл ел бойынша өтті

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға арналған қоғамдық қабылдау өткізді. Осыған ұқсас іс-шаралар Комитеттің аумақтық департаменттерімен елдің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Комитет өкілдері келесі өзекті тақырыптарды егжей-тегжейлі түсіндірді:
  • Электр энергиясы нарығындағы ағымдағы жағдай;
  • Тауарлық газдың бөлшек сауда бағасының өзгеруі;
  • Уәкілетті органның қарауындағы сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдерді қарау тәртібі.
Ерекше назар газдың бөлшек сауда бағасын көтеруге аударылды. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап тұтынушылардың барлық санаттары үшін баға орта есеппен 27%-ға өсті. Бұл ҚР Энергетика министрлігі бекіткен тауарлық газға көтерме бағаның өсуімен байланысты. Ел бойынша орташа есеппен көтерме баға 33%-ға өсті.
Қабылдау аясында тұтынушылардан үш сұрақ түсті, оларға Комитет мамандары толыққанды жауап берді.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті ашықтықты арттыруға, халықпен кері байланысты нығайтуға және реттелетін салалардағы басты өзгерістер туралы уақтылы ақпараттандыруға бағытталған ашық қоғамдық қабылдауларды өткізу тәжірибесін әрі қарай да жалғастырады.
2026-07-28 15:40