Астанада «KEGOC» АҚ тарифтерін өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті
Астанада «KEGOC» АҚ тарифтері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті
2025 жылғы 11 наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «KEGOC» АҚ-ның тарифтер мен тарифтік сметаларды өзгертуге берген өтінімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.
Тыңдаулар ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Булатбаевтың төрағалығымен өтті. Ол барлық тараптардың қатысуы маңызды екенін атап өтті: «Тыңдаулардың мақсаты – ашықтық, айқындық, ақпараттандыру және тұтынушылардың мүдделері арасындағы теңгерім». Талқылауға ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «KEGOC» АҚ басшылығы, БАҚ және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Баяндамамен KEGOC-тың Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева сөз сөйледі. Соңында ұсынылған жобаның алдын ала сипатта екені және түпкілікті шешім егжей-тегжейлі қарау қорытындысы бойынша қабылданатыны атап өтілді.
