Жаңалықтар

Қанат Құлназаров ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Қанат Құлназаров ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Құлназаров Қанат Темірұлының Комитет төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.

Қанат Құлназаров 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын аяқтаған. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған.

  • 2007–2008 жж. — ТМРАК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жетекші маманы;
  • 2009–2022 жж. — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде сарапшыдан бастап департамент директорына дейінгі әртүрлі лауазымдарды атқарды;
  • 2022–2023 жж. — ҚР ҰЭМ ТМРК Бақылау және талап-шағым жұмысы басқармасының басшысы;
  • 2023 жылдың наурызынан бастап — ТМРК Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

Қанат Темірұлының бұл лауазымға тағайындалуы Комитеттің кадрлық әлеуетін жүйелі түрде нығайтуды айшықтайды және табиғи монополиялар салаларындағы реттеу тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.
Made on
Tilda